Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар жалған алтын тағып жүр

25.09.2023

573 0

Нарықтағы жалған алтын бұйымдарының үлесі тоқсан пайызға жететін көрінеді.

Әлемде алтын бағасы рекорд орнатуда. Мысалы, осы аптада алтынның 1 троя унциясы (31,1 грамы) үшін бағасы 2 мың долларға дейін шарықтады. Былтыр 1 850 мыңнан асқаны рекорд болып еді. Қазіргі кезде 1 950 доллардың айналасында саудалануда.

Economy Forecast Agency сарапшылары бағаның әрі қарай өсетінін болжады.

Әлем елдерінің орталық банктері алтынды өте жоғарғы қарқынмен сатып алып жатыр. Мұндай қарқын, сарапшылардың пікірінше, сонау 1967 жылдан бері болмаған екен. Біраз ел долларға тәуелділіктен құтылу үшін төл ұлттық резервтерін алтын арқылы диверсификациялауда. Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің дерегінше, осы бағалы металға деген бүгінгі сұраныс соңғы 55 жылдағы кез келген жылдың көрсеткішінен асып түседі.

Бұрыннан Ресей мен Қытай тұрақты түрде ең ірі сатып алушы саналатын. Бірақ енді РФ алтынды жарияламай, жасырын сатып алуға көшкені айтылды.

Нәтижесінде, жаһандық тізімді бір тоқсан ішінде 31 тонна алтын сатып алған Түркия бастады. Бұл елдің жалпы қорының шамамен 29%-ы – алтынға тиесілі. Екінші орынға 26 тоннасын сатып алған Өзбекстан шықты. Үштікті Қатар тұйықтады.

Алтынға қазақстандықтар да үйір. Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылдың тамыз айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттері арқылы Қазақстан тұрғындары жалпы салмағы 137,2 келі тартатын 3 072 алтын құймасын сатып алды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама іске қосылғалы мемлекет халыққа жалпы салмағы 4,8 тонна болатын 138 255 алтын құймасын өткізді.

«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 35 842 дана (26%). Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 31 325 дана (23%), 100 грамдық құйма – 29 381 дана (21%), 20 грамдық құйма – 25 050 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 16 657 дана (12%). 2023 жылғы тамызда алтын құймаларды ең көп көлемде Алматы (1 527 дана, 55%), Шымкент (693 дана, 25%) және Астана (221 дана, 8%) тұрғындары мен қонақтары сатып алды», – деп мәлім етті Ұлттық банк.

Тағы бір қызықты статистика жарияланды. Бағдарлама іске қосылғалы мемлекет банктер мен айырбастау пункттері арқылы жалпы салмағы 644 келі тартатын 24 500 алтын құйманы халықтан кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 18%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың бәрі дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

ақпарат: https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstandyktar-zhappaj-zhalgan-altyn-tagyp-zhur?fbclid=IwAR1kW-wJufzHLcXEckJyXgq-xrNAE8cxVrwQmd5dFdSSrvJnv5407ues8kk

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: