Бейсенбі, 26 ақпан, 18:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанның қай өңірінде некеге мәжбүрлеу фактілері көп кездеседі

26.02.2026

43 0

Фото: shutterstock

Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында Қазақстанның қай өңірінде некеге мәжбүрлеу фактілері көп кездесетінін атап көрсетті, – деп хабарлайды  kursiv.media

Бектеновтің мәліметінше, құқық қорғау органдарында қылмыстық және әкімшілік заңнаманың жаңа нормаларын іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша жеке құраммен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Яғни, елде некеге мәжбүрлеу қылмыс екені, сонымен қатар сталкинг үшін жауапкершілік қарастырылатыны да түсіндіріледі.

Сонда да елде аталған фактілер тіркеліп жатыр. Мәселен, осы жылдың басынан бастап сталкинг фактілері бойынша 79 қылмыстық іс және некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері бойынша 31 қылмыстық іс тіркелген.

Нақтырақ айтқанда, қылмыстық кодекстің 115-1 бабы бойынша (сталкинг) Шымкент – 23, Астана – 16, Алматы – 8, Павлодар және Қызылорда – 7, Абай және Түркістан – 3, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан – 2, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары – 1 қылмыс тіркелген. Ал 125 баптың 1-бөлігі бойынша (некеге тұруға мәжбүрлеу) Шымкент қаласында – 15, Түркістан облысында – 10, Алматы және Қызылорда облыстарына – 2, Алматы қаласында және Жамбыл облысында – 1 қылмыс фактісі тіркелген.

Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы күшіне енді. Аталған нормаға сәйкес, адамды некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау қылмыс болып саналады.

Ескі заңнамада біреуді ұрлап әкетіп, артынша өз еркімен жібергендер үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмайтын. Былтырдан бастап бұл бап алынып тасталды.

Енді бұл әрекеті үшін кінәлі тұлға 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдай болса, 10 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: