Жұма, 17 мамыр, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қыс салғырттықты көтермейді

12.09.2023

235 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы жылу беру маусымы мен егін-терім науқанына байланысты мәжіліс өткізді.

Жиында облыстық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері жылу беру маусымына дайындық, әлеуметтік нысандардың құрылысы және күзгі егін жинау жұмыстары туралы баяндады.

Күз келісімен ерте көктемде басталған еңбектің жемісін теру науқаны қызады. Қазіргі таңда егіс алқаптарындағы егінді ысырапсыз жинау міндеті тұр.  Бұл жұмыс уақытылы жүзеге асуы тиіс. Тиісті сала басшысына облыс әкімі мұны нықтап тапсырды.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың қысқы жылу беру маусымына сақадай сай болуы, қажетті отын қорын қамтамасыз етуді қа­дағалауды облыстық энер­гетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашы­лы­ғы басқармасының бас­шысына тапсырды. Қыс маусымында жылу құ­быр­ларында ақау бол­дыр­май, халыққа қажетті қатты отынды мезгілінде жеткізуді міндеттеді. Сонымен бірге қала мен елді мекендерді абаттандыру, көркейту мен санитарлық тазалықты қадағалау сынды жұмыстар жайы да талқыланды.

Мәжілісте аймақ басшысы өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен жол құрылысына ерекше мән беріп, жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң сақтау керек екенін де ескертті. Биыл қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың іргесі қаланды. Әсіресе «Неке сарайы», «Анаға тағзым» орталығы, көпқабатты үйлердің қасбетінің, аулалардағы жаңғыртулар, көшелердің кеңеюі қызылордалықтардың көңіл-күйіне оң әсер етуде. 

Қазіргі таңда Қызылорда облысының 85 жылдығы мен қала күніне орай тарту етілетін нысандар құрылысы да аяқталып қалды. Бұл ретте облыс әкімі жұмыс қарқынын бәсеңдетпей жоспарланған межеге жету үшін барлығы жіті қадағалауда болуы керектігін баса айтты.  Ал мәжілісте міндеттелген тапсырмалардың орныдалуын облыс әкімінің орынбасарлары қадағалайтын болады.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: