Сәрсенбі, 12 мамыр, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (1738)
07.05.2021
PDF мұрағаты

Қызылорда өңірінде 36 әлеуметтік дүкен ашылады

20.01.2021

5927 0

Қызылорда өңірінде халыққа базар нарығынан төмен бағада өнім ұсынатын әлеуметтік дүкендердің желісі көбейеді. Екі жыл ішінде аймақта 36 әлеуметтік дүкендер ашылады. Яғни облыс орталығында 20, әр аудан орталықтарында 2 және Байқоңыр қаласында 2 дүкен салынады.

Бұл сауда дүкендеріндегі өнімдер тұрақтандыру қоры арқылы ұсынылады.Өңірде тұрақтандыру қорына 2020 жылы 6,4 мың тонна өнім қоры сатып алынып, оның 5,2 мың тоннасы сатылған. Бүгінгі күні қорда 2 мың тоннадан астам өнім сақталып, саудалануда. Қазіргі таңда жергілікті билік әлеуметтік дүкендерде өнімдердің өтімділігі артуы мен көлемі азаюына байланысты қосымша 23 тонна өсімдік майы мен 300 тонна картоп сатып алу жұмыстарын іске асыруда. Әлеуметтік дүкендерде халыққа 19 түрлі тауар ұсынылады. Әсіресе, халыққа аса қажет І сортты ұн, нан, күріш, қарақұмық жармасы,күнбағыс майы,сары май, макарон, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, қант, тұз, жұмыртқа сияқты өнімдер саудалануда.

Осы кезге дейін Қызылорда аймағында 29 әлеуметтік дүкен халыққа базар бағамынан 15-20 пайыз төмен бағада өнім ұсынады. Әрбір тұтынушыға өнімдерді алудың шекті мәні белгіленген. Яғни әр тұрғын өнімдерді 5 кг-нан артық мөлшерде ала алмайды. Өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы тапшылығын болдырмау үшін тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтырып, 4,1 мың тонна өнім сатып алу үшін және айналым схемасы арқылы кәсіпкерлерге қарыз беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1234,4 млн. теңге қаржы бөлінген.

Әлеуметтік дүкендерден бөлек, өңірде 1 әлеуметтік маркет пен 4 ірі супермаркет аса қажетті азық-түлік өнімдерін ұсынады. Соңғы жылдары шеткері аймақтың тұрғындары үшін де әлеуметтік дүкендер ашылған. Мәселен, Байтеректе «Баламекен», Наурыз, Белкөл, Ақжарма (МИС), Қараөзек, Комсомол, Эдельвейс саяжайында жұмыс жасайды.Айта кету керек, өңірде сауда орындарындағы азық-түлік тауарларының қоры тұрақты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: