Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әйелді масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп бопсалаған

20.08.2023

547 0

Қызылордада әйелді масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп бопсалап, еркінен тыс жыныстық қатынас талап еткен 28 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияға 22 жастағы азаматша жүгінді. Ол танысының өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы еркінен тыс жыныстық қатынас талап ететінін айтқан.

Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасы және Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда облысында тұратын 28 жастағы тұрғын ұсталды.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету жағдайы көрсетілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: