Сенбі, 28 желтоқсан, 08:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада көмір тапшы ма?

18.01.2023

941 0

Қызылорда қаласында тұрғындар қақаған қыста көмір таппай жүр. Өйткені вагондап келген қатты отын көпшілікке жетпей, әп-сәтте тауысылып қалады. Ал соның кесірінен жұрт бірнеше күн бойына сарылып кезек күтетінін айтады. Тіпті көмір тапшылығын айтпағанда, биыл оның бағасы да аспандап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ел ішінде сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі қаладағы дәл осы қоймаға әкелінеді. Мұнда таң ата бірнеше вагон қатты отын жеткізілген. Алайда тұрғындар таласып алып, дем арасында тауысылып қалыпты. Тіпті алыс елдімекендерден келгендердің көбі сатып алып үлгермеген. Сондықтан қақаған қыста тағы бірнеше күн қоймалардың алдын торуылдауға мәжбүрміз дейді көпшілік.

“Көмір жоқ барып, көріп келе жатырмыз ғой. 3 күн болды менің келіп жатқаныма. Таусылып қалды”, – деді тұрғын Рүстем Шайқиев. 

Ол аздай көмір бағасы биыл тіпті қымбаттап кеткен. Мәселен былтыр 14 мың теңгеден сатылған Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы биыл 17 мың теңгеге көтерілген. Ал оны қала іргесіне жеткізіп беретін жүк көліктеріне тағы 15 мың теңге төленеді. Алыс ауылдарға жеткізу құны одан да қымбат.

“Көмір 17 мың болып тұр. Не деген масқара, өзімізден шығады. Жарты сағат болды келгеніме. Ана жаққа бардым. Ол жақтада көмір жоқ. Үш күн болды сандалып жүргеніме. Келеміз, кетеміз жоқ”, – деп қосты тұрғын Айдарбек Тайымбетов. 

Ал энергетика басқармасындағылар өңірге биыл қыста 176 мың тонна көмір жеткізілу керек деп жоспарлаған дейді. Айтуларынша, қазірге дейін 200 тоннадан аса қатты отын әкелінген. Бірақ соның өзінде халыққа жетпей жатыр деп мойындап отыр.

“Күннің сууына байланысты көмір отыны болсын, жарық болсын, басқа да бойынша тұтынуы көбейеді. Себебі қыс былтырғыдан одан алдыңғы жылғыға қарағанда едәуір суық биыл. Соған байланысты бұл қажеттілік өзгере береді”, – дейді Қызылорда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетов. 

Басқарма басшысы қалада көмір тапшылығын қыстың қатты болғанымен байланыстырып отыр. Ал алдағы күндері тағы бірнеше тонна көмір жеткізіледі деп сендірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: