Дүйсенбі, 30 наурыз, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада оқу орындары арасында есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауы өтті

30.03.2026

44 0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысының оқу орындары арасында есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауы ұйымдастырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.

Іс-шараны Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты — жасөспірімдер мен жастардың есірткіге қатысты теріс көзқарасын қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғамда қауіпсіз өмір салтын дәріптеу.

Сайысқа облыстың қала және аудан мектептері мен колледждерінің оқушылары белсенді түрде қатысты. Қатысушылар қысқа бейнероликтер дайындап, пантомима және қол қимылдары арқылы есірткіге қарсы үндеулер мен ұрандарды әсерлі түрде жеткізді. Фон жасап тұрған қатысушылар қара түсті киім киіп, ал ақ қолғап киген қолдар негізгі есірткіге қарсы сөздерді бейнелеп көрсетті. Мұндай ерекше формат көрерменге ойды визуалды түрде жеткізіп, қатысушылардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

І орын:

  • №113 орта мектеп (Қармақшы ауданы)
  • №40 және №41 орта мектептер (Шиелі ауданы)
  • №125 орта мектеп (Жаңақорған ауданы)
  • №10 мектеп-лицей (Қызылорда қаласы)

ІІ орын:

  • №34 орта мектеп (Жалағаш ауданы)
  • №147 орта мектеп (Сырдария ауданы)
  • №48 мектеп-лицей (Шиелі ауданы)
  • №175 орта мектеп (Қызылорда қаласы)

ІІІ орын:

  • №156 және №50 орта мектептер
  • Оқушылар үйі (Шиелі ауданы)

Аталған байқау жастардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуге және есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар мұндай бастамалар жас ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен педагогтарға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: