Сәрсенбі, 16 қазан, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Тәрбие орталығы» жұмысын бастайды

25.08.2023

396 0

Облыста жаңа оқу жылынан бастап «Тәрбие орталығы» жұмысын бастайды.  Орталықтың мақсаты – балалардың ой-танымын арттыру, спорттық қабілетін шыңдау. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтты.

Аймақ басшысы жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ұлттық құндылықтар мен тұлғатану институтын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

«Білім берудің үздік тәжірибесін лайықты жалғастыра келе, ұлттық құндылықтар мен тұлғатану институтын қалыптастыруға тиіспіз. Бұл бүгінгі буынның біліміне жауапты ұстаздарды ғана емес, бауыр еті – баласы үшін барын беретін ата-аналарды да алаңдатуы қажет.

Жаңа оқу жылынан бастап облыста «Тәрбие орталығы» өз жұмысын бастайды.  Орталық қызметі балалардың ой-танымын арттыруға, спорттық қабілетін шыңдауға, жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталады. Бұл орайда облыстық білім басқармасы полиция департаменті және қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті жерде жасөспірімдердің тәрбиесі, құқық бұзушылығына қатысты нақты талдаулар жүргізіп, кешенді шаралар қабылдауы керек», – деді Нұрлыбек Машбекұды.

Айта кетейік, елімізде болашақ ұрпаққа жол сілтейтін педагог еңбегін лайықты бағалауға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынған. Президент тапсырмасымен соңғы 4 жылда мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға артты. Ал 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға ұлғаяды.

Биыл өңірде балаларды мектепке тасымалдау мәселесі де шешімін тапты. Жаңа үлгідегі 30 автобус шалғайдан қатынайтын оқушылардың игілігіне қызмет етпек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: