Өткен жылы әлеуметтік бағытта жүйелі жұмыстар атқарылды. Аз қамтылған және көпбалалы 50-ге жуық отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді. 132 отбасыға 44,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылы ауылды абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асты. Бірқатар көшелерге түнгі жарық шамдары орнатылды. 4 жаңа аялдама салынды. Көше жарығын күтіп ұстауға 43,3 млн. теңге бөлінді. Санитарлық тазалық жұмыстарына 20,1 млн. теңге қаралды.
«Тағзым» алаңы абаттандырылды. С.Әлжіков атындағы №144 мектеп пен дәрігерлік амбулатория алдына автотұрақ салынды. Жол белгілері мен жасанды тегіс еместік құрылғылары орнатылды.
Республикалық бюджет есебінен 22 көшеге электр желісі тартылды. 3 ауыз су ұңғымасы қазылды. Қазіргі таңда 67 көшені жаңа электр желісімен қамту жобасы іске асырылуда.
Шәріп Әбдірахманов,
Қызылжарма ауылдық округінің әкімі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
