Сейсенбі, 24 ақпан, 23:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің есебі

24.02.2026

44 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Округ халқының саны – 9 426 адам, оның экономикалық белсендісі – 6 455. Өткен жылғы есеп бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құраған.

Ауылдық округ аумағы – 30 232 гектар. Барлығы 499 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда.

Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілді. «Іскер» бағдарламасы арқылы 48,3 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды. «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 19 млн. теңгеге 2 жоба қолдау тапты. Жаңа бизнес-идеяларға арналған мемлекеттік грант бойынша 16 жоба жоспарланды. «Байқоңыр» ӘКК арқылы 7 млн. теңгелік жоба жүзеге асты. Басқа бағдарламалармен 78 млн. теңгеге 13 жоба қаржыландырылды. «Бизнес-Бастау» курсы бойынша 127 тұрғын оқытылып, сертификат алды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жылыжай, мал шаруашылығы және шағын кәсіп бағытындағы жобалар іске асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.

Шәріп Әбдірахманов,

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: