Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Референдум: 3252 комиссия мүшесі арнайы оқытудан өтті

10.03.2026

50 0

Фото: Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы

15 наурыз күні еліміз бойынша республикалық референдум өткізіледі. Маңызды саяси науқанда Қызылорда өңірінің 492 524 азамат дауыс беруге құқылы. Жауапты кезенде аймақта 9 аумақтық, 378 учаскелік комиссия құрылып, 2705 комиссия мүшесі қызметке тартылды.

Референдум процесін заң шеңберінде ашық әрі алқалы түрде өткізу және дауыс беруді ұйымдастыру — комиссия мүшелерінің тікелей міндеті.

Облыста комиссия мүшелері үшін 157 семинар ұйымдастырылды. Оған 3252 комиссия мүшесі оқытылды.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы қала және аудандарда көшпелі оқыту жүргізді.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалымен бірлескен оқыту семинарында кәсіби лекторлар пулы жасақталып, референдумды өткізу тәртібі, дауыс беруші азаматтармен жұмыс жасау, қоғамдық бірлестік өкілдері және БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау алгоритмі туралы дәріс берілді. Сонымен қатар комиссия мүшелері практикалық кейстерді талқылады.

Оқытуға комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшылар қатысты. Ал, қалған комиссия мүшелері каскад әдісі арқылы білімін жетілдірді.

Семинар комиссия мүшелерінің заңнаманы білуіне, дауыс беруді ұйымдастырудың тәртібіне негізделген. Сондай-ақ, практикалық кейстер мен рөлдік ойындарға басымдық берілді. 

Басқосуларда Қызылорда қаласындағы және аудандардағы құқық қорғау саласының өкілдері референдум кезінде құқық бұзушылықты болдырмау, дауыс беру учаскелерінде тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша негізгі ережелерді түсіндірді.

Еске салайық, Қызылорда өңірінде дауыс беруші азаматтардың өз учаскесін анықтау үшін referendum.orda.kz сайты және 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Сондай-ақ, тізімге тіркелген әрбір дауыс беруші азаматқа шақыру қағаздары мен смс хабарламалар жіберілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: