Дүйсенбі, 23 ақпан, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Республикалық және өңірлік коалиция мүшелері медицина саласының мамандарымен кездесті

23.02.2026

44 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру және оның мазмұнын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте, бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және өңірлік коалиция мүшелері Жалағаш ауданындағы сапар барысында ауданның медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Республикалық және өңірлік коалиция мүшелері медицина саласының мамандарымен кездесті

Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Жалпыұлттық республикалық коалиция мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов, Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов және облыстық мәслихат депутаты, өңірлік коалиция мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов, сондай-ақ, аумақтық коалиция жетекшісі Өмірзақ Елеусінов, аумақтық коалиция мүшелері Қаншагүл Мұстафаева және Гүлзат Құрманбаева қатысты.
Кездесу барысында алдағы референдумның тарихи маңызы мен конституциялық өзгерістердің негізгі басымдықтары Жаңа Конституция жобасының саяси-құқықтық мазмұны, оның қоғам сұранысына сәйкестігі және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудағы рөлі талқыланды.
Айта кетсек, Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов реформалар аясында өкілді органдардың рөлі артып, қоғамдық бақылау тетіктері күшейетініне тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын одан әрі арттыра түседі.

Республикалық және өңірлік коалиция мүшелері медицина саласының мамандарымен кездесті


Сондай-ақ, жиында сөз алған Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов конституциялық реформалардың түпкі мақсаты заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенін ерекше атап өтті.

Республикалық және өңірлік коалиция мүшелері медицина саласының мамандарымен кездесті


Олар Жаңа Конституция жобасы елдің саяси жаңғыруындағы маңызды белес екенін айта келе, құжатты әзірлеу барысында ашық әрі жан-жақты талқылау ұйымдастырылып, қоғам тарапынан түскен ұсыныс-пікірлердің ескерілгенін жеткізді.
Кездесу соңында сала қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жаңа Конституция жобасы халықтың талап-тілектері ескерілген маңызды құжат екеніне және алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи шешім боларына сенім білдірді.
Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, өзара мазмұнды пікір алмасу болды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта өзге де сала өкілдерімен жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: