Бейсенбі, 17 сәуiр, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

«Сән-салтанат салығы»: министр байларға көбірек салық салуды ұсынды

09.04.2025

338 0

сурет: istockphoto.com

Салық кодексінің жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына Премьер-Министрдің Орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасап, өзгерістерге тоқталды, – деп хабарлайды Тurkystan.kz.

Серік Жұманғариннің айтуынша, салықтық реформа аясында кейбір тауар санаттары үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылуда, бұл бастама «сән-салтанат салығы» деп аталып отыр.

Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз, – деді ол.

Осылайша, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығының мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр. Бұған қоса, құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда.

Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік ішімдіктер мен сигараларға 10% акциз енгізу ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: