Бейсенбі, 13 маусым, 08:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

«Сағатының құны – 23 миллион теңге»: Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұрады

29.05.2024

240 0

Отандық шоу-бизнес өкілі, актриса, продюсер Баян Алагөзованың бір күндік образын блогер Жансая Махабаева есептеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Танымал актриса тек әлемдік брендтен ғана киінетінін жасырмай айтып жүр. 

“Баян Алагөзованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?
Әдеттегідей киімінен бастайық, мына күртесі Prada брендінен – 925 мың теңге тұрады. Көйлегі де осы брендтен – 425 мың теңге. Туфлиі Баян Мақсатқызының ең сүйікті Jimmy Choo брендінен – 800 мың теңге. Сөмкесі Сhanel брендінен – 2 миллион 800 мың теңге. Көзілдірігі Louis Vuitto брендінен – 280 мың теңге. Әшекейлеріне көшейік. Алқалары Van Cleef брендінің Alhambra топтамасынан. Әрине, алтын мен гауһар тастармен апталған, бір мотивімен – 4 миллион 600 мың теңге. Ал 16 мотивімен – 18 миллион 700 теңге тұрады. Білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан – 7 миллион 350 мың теңге.  Сағаты Cartier брендінен – 23 миллион 350 мың теңге. Сақинасы Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, 3 рет оралған жылан пішінінде, толық гауһар тастармен көмкерілген – 9 миллион теңге. Сонымен, барлығы – 68 миллион 230 мың теңге», – дейді блогер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогер есептеген айтарлықтай суммаға киім кигенше, армандарын орындап алатынын жарыса жазып жатыр. 

“68 миллион теңгеге үй алып, жер алып, несие жауып алатын едім”, “20 жылдан бері Баян тек брендтен киінеді, аспаннан жаңа түскендей болмаңдаршы”, “Өте еңбекқор адам, қымбат киімге лайық”, “8 отбасыны баспанамен қуантуға болады”, “Екі коттедж жүр үстінде”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: