Сенбі, 27 сәуiр, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Сахнаға алғаш және соңғы рет шыққаның болсын»: Болат Атабаев

11.07.2023

483 0

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жас күнінде сахнада ән айтқан видеосы күніне бірнеше рет жекесіне келетінін айтып, неліктен енді үлкен сахнаға шыққысы келмейтінін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. «Жаңа босанған кезім. Түріме күлуге болмайды. Томпақтығыма күлуге болмайды. Екіншіден, кәсіби әнші емеспін. Сол кезде марқұм Болат Атабаев маған: «Ләйлә, қоя ғой. Үлкен сахнаға алғаш және соңғы рет шыққаның болсын»деді. Содан менде комплекс қалып қойды. Тіпті караокеге барып ән айтпаймын ғой. Бала болдық. Бірінші рет «Екі жұлдыз»жобасы. Өзім де күліп алдым әйтеуір не болса да. Елдің бәрі күліп жатқан сияқты», –  деп күлді ол. Сондай-ақ тележүргізуші «Екі жұлдыз» жобасына қалай қабылданғаны туралы да айтты. «Есімде жоқ, 2009 жыл ғой деймін. Ол кезде Динара Адам продюсер болатын. Продюсер маған осы жобаға қатысуға ұсыныс жасады. Мен жерден жеті қоян тапқандай, өзімді керемет әнші сияқты сезініп, келістім. Соған қарағанда өзіме қатты сенімді болғанмын ғой. Адам деген өзіне, түріне, дауысына, талантына қарау керек қой негізі. Өз-өзіме деген сенімділігім мол болған ғой сонда», – деп әңгімеледі Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар Ләйлә жас күніндегі видеосының сілтемесі жекесіне күніне бірнеше рет келіп тұратынын айтты. «Ректен түсірмейтін оқырмандарым-ай. Осы видеоның ссылкасы күніне бес рет келетін шығар жекеме», – деді ол жазбасының сипаттамасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: