Дүйсенбі, 13 мамыр, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Салық декларациясын тапсырмаған қызметкерлерге шара қолданылады

12.09.2023

452 0

Алматыда 30 мыңнан аса мемлекеттік қызметші мен олардың отбасы мүшелері салық декларацияларын тапсырмаған, – деп хабарлайды Massaget.kz Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

Салықтарды жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ, олардың жұбайлары өткізуге тиіс.

Алматы бойынша 152 484 жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны тапсыру мерзімі бірнеше күннен кейін, 15 қыркүйекте аяқталса да, 30 мыңнан аса адам міндеттемесін орындамаған. Декларация өткізбеген адамдардың жалпы санының 61 пайызы – немесе 18 440 адам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, қалғаны квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Декларацияны мерзімінде өткізбегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Декларацияны «салық төлеушінің кабинеті» арқылы электрон түрде (cabinet.salyk.kz), «электрон үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ, eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: