Жұма, 27 ақпан, 20:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Сенат жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

27.02.2026

24 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін Парламент Сенатында Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, тұрақты комиссия төрағалары Балжан Шәменова мен Бауыржан Сандыбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық және қалалық мәслихат аппаратының басшылары, сондай-ақ, өзге өңірлердің мәслихат төрағалары мен депутаттары видеоконференц байланысы арқылы қатысты.
Кеңес отырысын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, кеңес төрағасы Жақып Асанов ашып, күн тәртібіндегі мәселені таныстырды.
Күн тәртібінде «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы аясында конституциялық реформалардың маңызы талқыланды. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және саяси жүйені жаңғырту мәселелеріне басымдық берілгені айтылды.
Сенат Төрағасы конституциялық реформалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі өзгерістердің жалғасы екенін атап өтіп, жаңа Конституция Әділетті Қазақстан қағидаттарын нақты жүзеге асыруға бағытталып, адам капиталы, білім мен ғылымның сапасын арттыруға және инновациялық дамуға құқықтық негіз қалайтынын жеткізді.
Отырыста «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев, Астана, Ақтөбе, Павлодар және Түркістан өңірлерінің мәслихат төрағалары мен депутаттары да сөз сөйлеп, алдағы республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталып, жаңа Ата Заңның ұлттық мүдде мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны жөнінде ой-пікір алмасты.
Жиын соңында Мәулен Сағатханұлы қорытынды сөз сөйлеп, алдағы жұмыс бағыттарына тоқталып, бірлескен іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: