Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

10.03.2026

46 0

Фото: Шиелі ауданы

Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру шаралары аясында Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шиелі ауданына сапармен барды. Сапар барысында олар жұмыс ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен және аудан белсенділерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерде жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

Іс-шаралар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Шиелі ауданына келген топ құрамында Жалпыұлттық коалиция өкілдері Қайрат Ерназаров, Баймырза Қожамберлиев және Садық Мұстафа болды.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

Сапар бағдарламасына сәйкес, алдымен «Руханият» орталығында аудандық әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиында Конституция жобасындағы отбасы институтына қатысты нормалар мен әлеуметтік кепілдіктер тақырыбы талқыланды.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

Кейін жұмыс тобы «ТТК-Шиелі» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында өндіріс саласына қатысты мәселелер мен Конституциялық өзгерістердің еңбек құқықтарына ықтимал әсері жөнінде пікір алмасу өтті.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

Сондай-ақ, коалиция мүшелері Ақмая ауылында аграрлық сала өкілдерімен кездесу өткізді. Онда ауыл тұрғындары үшін маңызды саналатын жер ресурстарын пайдалану және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды. Кездесу барысында қатысушылар осы бағыттағы өзгерістер туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

Сапар соңында Б. Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Жиын алдында қонақтар ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың мемлекеттік басқару жүйесіне ықтимал әсері жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шаралар барысында тұрғындар мен жұмыс тобы мүшелері түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, сұрақ-жауап форматында әңгіме өрбітті.

Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті
Шиелі ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысты кездесулер өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: