Сәрсенбі, 25 ақпан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Шиелі кентінде уран саласы қызметкерлерімен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

25.02.2026

53 0

Іс-шара ТОО «Семізбай Ю» ұжымының қатысуымен өтті. Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты баяндалып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызы айтылды. Әсіресе, қоғамдық диалогты дамыту, мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру және халық пікірін ескерудің тетіктері кеңінен түсіндірілді.

Шиелі кентінде уран саласы қызметкерлерімен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды


Жиында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы сөз сөйлеп, реформалардың стратегиялық мәніне тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелері туралы нақты ақпарат берді.
Шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты.

Осындай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілікті күшейтеді.
Егемен еліміздің іргесі берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Шиелі кентінде уран саласы қызметкерлерімен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: