Шымкентте балабақшада баланы ұрып-соғып, аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, екі тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара қолданылмаған.
«Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкінішін білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрады. Оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», – деп жазылған Шымкент қалалық сотының хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!