Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр мақтанышына айналған жандардың аналарына «Абзал ана» естелік белгісі табысталды

04.03.2022

726 0

 Қызылорда қаласында ақын, педагог Сәнімкүл Желдербаеваның 90 жас мерейтойына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!..» атты облыстық келіндер форумы өтуде. Форумда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова нәзік жандарды мерекемен құттықтады.

«Аяулы аналар, қыз-келіншектер жыл мезгілінің ең ғажайып кезеңі көктемнің шуақты күнінде сіздерді және сіздер арқылы барша аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Бүршік атқан көктемнің сұлу арайын ала келген мереке баршаңызға бақыттың гүлін, шаттықтың нұрын, сұлулық пен бейбітшіліктің жасампаздығын, әр күннің берекесі мен ырзығын ала келсін», – деді Мира Қазбекова.

Форумның мақсатын айтып өткен басқарма басшысы бұған дейін де отбасы құндылықтарын дәріптейтін іс-шаралар өткізіліп келе жатқанын тілге тиек етті.

«2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы, «Тату отбасы» онлайн отбасылық марафоны отбасылық құндылықтарды насихаттап келеді. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Бойтұмар» ханым қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесі, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен Ақ орамал насихаттық жобасы бастау алды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қоғамдағы, отбасындағы ананың атқаратын рөлін анықтау, отбасының беделін арттырып, ұрпақ тәрбиелеуде ата-ананың міндетін түсіндіру», – деді Мира Қазбекова.

Айта кетейік, форум барысында Сыр өңірінің мақтанышына айналған жандарды дүниеге әкелген қадірлі аналарға «Абзал ана» естелік белгісі табысталды.

«Абзал ана» естелік белгісі 18 баланы өмірге әкеліп, 58 немере, 20 шөбере сүйген ардақты ана, «Алтын алқа» иегері, 2000 жылдың «Жыл адамы» Фатимакүл Қаршығаева, Сыр телевизиясының мақтанышына айналған журналист, марқұм Сахитжан Бермағанбетовтың анасы Меруерт Бақбергенова, «Әлем барысы – 2021» титулының иегері, белгілі спортшы Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуанбаева, ұстаз, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованың анасы Тоқшылық Досанова, 14 балалы патронат ана Ақмарал Малбағарова, 2022 жылдың 20 ақпанында Шұғыла мөлтек ауданы №43 үйде шыққан өртте ерлік көрсетіп, 15 адамды өрттен құтқаруға атсалысқан, өрт сөндіру бөлімінің командирі Бауыржан Кененбаевтың анасы Маркен Молдағалиева, «Мен қазақпын» мега-жобасының жеңімпазы, жырау Күнсұлу Түрікпеннің анасы Қалимаш Сейітжанова, кәсіби боксшы, әлем чемпионы Тұрсынбай Құлахметтің анасы Гүлжахан Байменова табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: