2026 жылғы 19 шілдеде Meta компаниясына тиесілі Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысында жаппай ақау тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Downdetector сервисінің мәліметінше, Instagram жұмысына қатысты 4,2 мыңнан астам шағым түскен.
Ал Facebook желісіндегі ақауларға 4,7 мыңнан астам қолданушы шағымданған.
Сонымен қатар, қазақстандық пайдаланушылар да әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты қиындықтар туындағанын жазуда. Олардың айтуынша, жазбалар жүктелмей жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
