21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай, «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында 2026 жылғы 20 ақпанда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілдік сауаттылықты арттыру, қызметтік жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін көтеру болды.
Іс-шараға облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялардан 100-ден аса мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылардың білім деңгейін жетілдірумен қатар, олардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Шараның ашылуында басқарма басшысының орынбасары
У.Ибраев сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы және қызметтік тәртіпті нығайтудағы мұндай бастамалардың рөліне ерекше назар аударып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ашық диктант мемлекеттік қызметшілердің тілдік мәдениетін дамытуға және кәсіби жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
