Сәрсенбі, 27 қараша, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Тарифті инвестицияға айырбастау»: бағдарлама қалай жүзеге асуда?

18.09.2023

422 0

Шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысы айтқандай, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүргізілетін жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға  кеңінен таныстыру. Алдымен  табиғи монополиялар субъектілеріне инвестиция тартып, жөндеу жұмыстарының көлемін ұлғайту есебінен электр, жылу және сумен жабдықтау желілердің тозуын 15-20 пайызға төмендету. «Тарифті инвес­тиция­ға айырбастау» бағдарламасы аясында «Қызылорда су жүйе­сі» МКК 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сумен жабдықтау қызметі бойынша тозу дәрежесін 18-ден – 16,22 пайызға дейін түсіру, ал сарқынды суды бұру қызметін 19-18,90 пайызға төмендету үшін ауыз су және кәріз құбырлары ауыстырылуда.

Былтыр инвестициялық бағдарлама бойынша  кәсіпорын өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұрудың 19 нысанына күрделі жөндеу жүргізген. Оған қанша қаражаттың игеріліп, үнемделгенін әрі жаңа инвестициялық бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар барысын Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов айтты.

– Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп департаменттің бұйрығымен «Қызылорда су жүйесі» МКК-на 2020-2024 жылдарға яғни ұзақ мерзімге инвестициялық бағдарлама бекітілген. Оның жалпы соммасы – 995 696,346 мың теңгені құрайды. Өткен жылы бекітілген  131 млн теңге қаражатқа орындалған жұмыстарды бақыладық. Оның 105 082,76 мың теңге қаражаты игеріліп, қалған 26 677,64 мың теңге қаражаты мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша үнемделген. Ал биылғы жылға өз қаражаты есебінен 44 млн теңгеге жаңа инвестициялық бағдарлама қарастырылған. Одан бөлек «Тарифті инвестицияға айырбастау» бойынша жаңа тарифтік бағдарламасы қолға алынды. Осыған сәйкес 2023 жылға мемлекеттік бюджеттен 695 223,22 мың теңгеге инвестициялық бағдарлама қайта бекітілді. Жалпы өз қаражаты есебінен яғни 20 041,73 мың теңгеге сумен жабдықтау қызметі бойынша,  техникалық қайта жарақтандыруға 19 бірлік ұңғымалардың насос қондырғылары сатып алынып, орнатылған. Осы бағдарлама аясында 6-7 жылдың ішінде барлық коммуналдық желілердің тозу деңгейін 15-20 пайыз аралығында төмендету көзделіп отыр, – дейді Айбек Егембергенов.

Жалпы сумен жабдықтау жүйесі 19,44-18 пайызға дейін төмендесе, кәріз су жүйелерінің тозуы 19,56-19 пайыз, ал нормативтік ысыраптар көрсеткіші 17,19 -16,93 пайыз төмендеген. Сондай-ақ авариялық апаттар саны 85 бірлікке азайғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай су ресурсы – өзекті мәселенің біріне айналды. Әсірісе өңірде  жыл өткен сайын су тапшылығы  сезіліп келеді. Соның алдын алып, халыққа сапалы және қолжетімді болуы үшін қандай шара жасалатынын Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Бердібекұлы айтып берді.

– Су тіршілік көзі екені  бәрімізге белгілі. Жылдан жылға дүниежүзілік судың тапшылығы сезілуде. Бұл Қазақстандағы ауызсу ғана емес, ағынды суға да байланысты, яғни аяқсу. Қазіргі таңда суды үнемді пайдалану үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және тұрғындар бірлесе отырып, судың мәселесін толық шешуіміз керек. Жаз мезгілінде қалада тұтынушыларына 80-100 мың текше метрге дейін сапалы су жеткізіліп отыр. Өкінішке қарай су тапшылығынан Сырдария өзенінің деңгейі өте төмен. Себебі  тұрғындар жазда бау-бақшасына жасыл желек гүл егіп  суарса, ал кәсіпкерлер жеке техникалық мақсатта ауызсуды көп пайдаланады. Тіпті  көпқабатты үйлерге де су  деңгейі көтерілмейді. Су шаруашылығы мамандары айтқандай,  Қазақстандағы 80-100 мың текше метр судың 50 пайызы ауыз суға пайдаланылады, ал 47 пайызы басқа мақсатта қолданылуда. Сол себепті су шығыны көп, – дейді  Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Бердібекұлы.

Бүгінде су мәселесінің төлемі өзекті болып тұр. Себебі  жеке тұлғалар уақытылы төлем жасамайтын көрінеді. Сол үшін төлемді тікелей мекеменің есебіне түсетіндей ету қарастырылуда. Одан бөлек әр тұтынушының ысырап жасауына жол бермей,  «судыңда сұрауы бар» екенін білдіру  керек. Қазіргі таңда халық 1000 литр суға 39 теңге төлеп отыр. Сондықтан тарифтерді қайта қарау мәселесін жүргізу керектігін жеткізді.

Одан бөлек аймақтағы Универсам және Шымбай ауданындағы шамамен 8,03 шақырымға ауыз сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары  қаралған. Оған республикалық және қалалық  бюджеттен 650 860, 67мың теңге бекітілген.

Аталған жоба бойынша бюджеттен 304448,64 мың теңге қаражат бөлінген. Бүгінде оның  190000 мың теңгесі игеріліп, тиісті  жұмыстар атқарылуда.

Осы 10 жобаның ішінен, 4 жоба бойынша ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ал сарқынды суды бұру қызметі бойынша кәсіпорынның өз каражаты есебінен  3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 24320,82 мың теңге қаражат бөлінген.

Барлық жаңалау, қолдау, техникалық қайта жарақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстар кәсіпорынның тұрақты жұмыс атқаруына сеп болып, көрсететін қызметінің сапасын жақсартады.

Нәзира МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: