Сейсенбі, 21 мамыр, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Елімізде такси жүргізушілері қосымша салық салынатына қарсылық білдірді

11.07.2023

260 0

Қазақстанда курьерлер мен такси жүргізушілеріне салық салынады. Пилоттық жоба 1 шілдеден бастап іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қосымша салық салынатыны тұрғындардың наразылығын тудырды.

«Заңда талаптар бар, бірақ олар орындалмайды. Енді сұрақ туындайды, тағы жаңа талаптар енгізіле ме? Біріншіден, оларды кім қадағалайды? Екіншіден, олар орындалмаса, қандай шаралар қолданылады?», – деді елорда көліктері қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов. 

Әлеуметтік кодекске Тоқаев осы жылдың 20 сәуірінде қол қойды. Мұның мақсаты – барлық жұмысшыға, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға тең құқықтарды қамтамасыз ету. Көлік құралдары қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов бұл инновациялар клиенттердің пайдасына емес, таксиге құнына әсер етеді деп санайды. Шынында да, бұл қағазбастылыққа әкеледі.

«Кейбір жүргізушілер кетіп қалуы мүмкін. Демалыс күндері кешке уақытша такси болатындардың негізгі жұмысы бар», – деді Құрманов. 

Мемлекеттік кірістер комитеті кез келген кәсіп үшін салық төлеу міндетті екенін еске салды. Ал алты айдан кейін шағын бизнес субъектілерін тексеруге 3 жыл мораторий аяқталады. Арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлердің табысына салынатын салықтардан босату да қолданысын тоқтатады және олар 4% төлеуге міндетті болады.

«Көптеген такси жүргізушілерімен сөйлесіп, «неге сіз кәсіпкер ретінде тіркелмейсіз?»десем, «мен платформаға төлеймін. Олар мен үшін төлеп жатқан шығар» дейді. “Мүмкін тіркемеген. Неліктен өзіңіз тіркелмейсіз?” десем,  олар «Ой, қорқамыз. Есепті уақытында тапсыра алмауымыз мүмкін» деп жауап қатады, – деді арнайы салық ренжимдерін әкімшелендіру және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова. 

Пилоттық жобада кәсіпкерлер арнайы қосымша арқылы жұмыс істей алады. Қосымшада жүргізуші немесе курьер туралы барлық мәліметтер көрінеді. Ешқандай инстанцияларға барудың қажеті жоқ.

Барлық сапарлар, чектер және салық сомалары телефонда қолжетімді болады. Бірақ бұл үшін онлайн такси агрегаторлары, жеткізу қызметтері және басқа да осындай бизнес салықпен бірге жұмыс істеуге келісуі керек. Жалдамалы жұмысшыларда тек жеке табыс салығы – 10%, ал такси жүргізушілері мен курьерлерде тек 4% болады.

Оларға зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру кіреді. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: