Жұма, 03 мамыр, 02:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында егістікке берілетін су лимиті қысқартылды

04.07.2023

900 0

Қызылорда облысында судың тапшылығынан егістік үшін берілетін лимит қысқартылды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облысындағы Шардара қоймасында судың аздығына байланысты шілдеде суармалы жерлерді, әсіресе күріш дақылдарын сумен қамтамасыз ету бойынша шиеленісті жағдайдың туындауы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Биыл аталған өңірде 83,9 мың га жерге күріш егу жоспарланып, іс жүзінде 88,107 мың га жерге егілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Айта кетейін, министрлік облыста күріш алқабын қысқарту қажеттігі туралы бұған дейін бірнеше рет ескерткен болатын», – деді Сейілбек Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, министрлік өкілі Жамбыл және Түркістан облысындағы егістікті сумен қамту мәселелеріне тоқталып өтті.

«Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты бассейндік инспекциямен тұрақты суару үшін суды пайдалану лимиті қысқартылды. Ал, Алматы және Жетісу облысы бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Аталған облыстардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: