Сейсенбі, 19 наурыз, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Тіл – достықтың діңгегі

27.01.2021

6558 0

Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ және «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тіл – достықтың діңгегі» тақырыбында этнос өкілдері арасында тілтанымдық сайыс өтті.

Шара этнос оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген қызығушылығы мен ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасқан үш топқа «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары М. Дәулетбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырушы-модераторы Г. Шынтасова, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің әдіскері Ж. Ерекешова төрелік етті.

Топты таныстыру, сөйлемді толықтыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мақал-мәтел айту сынды кезеңдерден құралған сайыста жүлделі бірінші орынды – бірлігі бекем «Бірлік» тобы, екінші орынды – татулықты ту еткен – «Татулық» тобы, үшінші орынды – достыққа берік «Достық» тобы иеленді.

Жеңімпаздарға алғыс және сыйлықтар табысталды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: