«Тілі жоқ халық – балық» – деп қазақтың дүлдүл ұлы Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай, Тіл – халық жаны хәм қазынасы. Ұлттың болмысы. Әпсанаға үңілсек дамыған қоғамда сөйлейтін халық бар. Алайда Шераға өзінің ана тілі бола тұра, оны жоқ еткендер жайлы айтып тұр. Сондықтан ана тілдің тағдыры мемлекеттік тұрғыдан қорғалуы қажет.
Себебі тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оны биікке көтеру, қолдану аясын кеңейту өзімізге байланысты.
Ана тіліміздің дамуы отбасынан бастау алады. Отан аясында дамиды.
Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында, «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондықтан қазақ тілі тек қана қазақтар үшін емес, Қазақстанда мекен ететін әрбір отандасымыз үшін міндетті.
Демек тіліміздің мәртебесі Ата Заңымызда айшықталса, Заңда көрсетілсі, одан қалды анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыса, қазақ тілінің елімізде жүз пайыз салтанат құруына өзіміз басты себепкер екенімізді ұмытпауымыз керек.
Басқа мемлекеттік органдармен қатар еліміздің сот жүйесі де мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуде көбейту – басты ұстаным ретінде қарастырады.
Жыл сайын соттар мен заңды тұлғалар, қаржы ұйымдары арасында семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, азаматтық істер бойынша талап қоюлар мен шағымдарды мейлінше мемлекеттік тілде беру ұсынылып келеді. Осының нәтижесінде болар соңғы уақытта сотқа талап қоюлар қазақ тілінде жазылуы, сот ісі мемлекеттік тілде өтуі біршама артқан.
Сонымен қатар сот қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дамыту бағытында түрлі семинар-тренингтер, кездесулер өткізіліп келеді.
Яғни, сөзімнің басында айтқандай тілді қорғау әрі дамыту ең алдымен өзімізден бастау алынып, мемлекеттік деңгейде іске асырылуы қажет.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу міндетті екенімізді ұмытпауымыз қажет.
Айсұлу Жаппасбаева
Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!