Сәрсенбі, 25 ақпан, 20:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

ҮЕҰ өкілдері марапатталды

25.02.2026

38 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін «27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар» күніне арналған «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті арқылы жергілікті қоғамдастық қызметін дамыту» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.

Мерекелік жүздесуде азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, жергілікті қоғамдастықтардың жұмысын жандандыру, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру, 4-ші деңгейлі бюджетті енгізу және азаматтық сектордың әлеуетін дамыту бағытында маңызды ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: