Дүйсенбі, 06 мамыр, 03:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Үш жасар қыз жоғалып кетті

30.08.2023

305 0

БҚО-да анасының жанында келе жатқан үш жасар бүлдіршін ауылдан 6 шақырым жердегі далада белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Қыздың анасы бөбектен қалай көз жазып қалғанын өзі де байқамай қалған. Бұл туралы Polisia.kz  хабарлайды.

Полицияның мәліметінше оқиға 28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде орын алған. Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатқан тұрғын қызымен бірге жолай автокөлікке мінген. Кейін қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен жаяу келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Шошынған ана жан-жағынан іздесе де қызын таппай қойған. Кейін нәтиже болмаған соң полицияға хабарласқан.

“Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтып, арыз қалдырған. Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: