Жұма, 26 сәуiр, 05:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы қоры: Баспанаға бір қадам

30.01.2021

6180 0

Өткен жылы «зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігі пайдалануға беріледі» деген ақпар кең тарап, халық қуанышында шек болмады. Бәрі іштей келер ақшаның ретін саралап, бірі үй алуға, енді бірі емделуге жоспар құрып жатты. Аталған жаңалықтың артынан ережесі мен талаптары ел көңілін су сепкендей басты деуге болады. Оған бірнеше себеп бар.

Бастысы, зейнетақы қорына жиналған қаржы бекітілген мөлшерге толған жағдайда ғана алуға болатыны еді. Өйткені жарияланған кестедегі межеге көп азамат сәйкес келмеген еді. Оған қоса қордағы қаржы қолма-қол емес, тиісті банктер мен мекемелерге тікелей аударылады. Міне, осындай ел ыңғайына жақпаған бірнеше талаптарға қарамастан, өткен аптада зейнетақыдағы қаржыны пайдалану басталды.
Қазіргі таңда бұл орайды баспаналы болуға қолданған азаматтардың қатары артты. Өткен аптада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялады. Ереженің толық нұсқасы zan.gov.kz сайтында шығарылып, біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытында алудың ережесі бекітілген. Бүгінде бұл бағыттағы жұмысты «Отбасы банкі» арқылы жүзеге асыруға болады.
– 23 қаңтардан бастап Зейнетақы қорындағы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге пайдалану үшін электронды өтініштер қабылданып жатыр. Зейнетақы қорында жас мөлшеріне сәйкес шекті сомадан асқан қаражаты бар азаматтар www.enf-otbasy.kz платформасы арқылы ЭЦҚ (ЭЦП) көмегімен өтініш бере алады. Өтініш беру барысында қаражат иесі өз жинағын жақындарына аударып беруіне құқығы бар. Қаражатты иемдену барысында ЖССБ 24 қосымшасы арқылы міндетті түрде арнайы шот ашылуы тиіс. Арнайы шот тегін ашылады. «Отбасы банкінде» салымы жоқ азаматтар да арнайы шот ашуға мүмкіндігі бар, – деді «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда филиалы Бизнесті дамыту бөлімінің I санатты маманы Мархабат Сынасапова.
Сонымен қатар салымшылар аударылған ақшаны жеті мақсатта пайдалана алады. Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу, ипотекалық қарыз бойынша қаражатты толық немесе бір бөлігін төлеу, ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу және жеке тұрғын үй салу мен жер сатып алу қолданылады. Сондай-ақ азаматтар ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсаты мен отбасы банкінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға да көмегі мол.
Айта кетерлігі, егер арнайы шоттағы қаражат 45 күн ішінде таңдалған мақсаты бойынша пайдаланылмаса, қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотқа қайтарылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: