Сейсенбі, 24 ақпан, 23:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Жалпыұлттық коалициясы өкілдері Ақмая ауылының тұрғындарымен кездесті

24.02.2026

53 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Шиелі ауданындағы жұмыс сапары Ақмая ауылында жалғасты. Жаңа Конституция жобасын түсіндіру және оның мазмұнын кеңінен насихаттау мақсатында республикалық және өңірлік коалиция мүшелері Ақмая ауылының тұрғындарымен кездесті.


Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Жалпыұлттық республикалық коалиция мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев және коалиция мүшелері қатысты. Кездесу ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен ашық диалог форматында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов референдумның тарихи маңыздылығына тоқталды.

-Референдум – халықтың тікелей ерік білдіруінің ең жоғары әрі айқын тетігі. Бұл саяси науқан әрбір азаматқа ел тағдырына қатысты тарихи шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін ұсынып, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті одан әрі нығайта түседі.
Жаңа Конституция жобасы – қоғам сұранысынан туындап, кең ауқымды талқылаудан өткен маңызды бастама. Ол азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділдік қағидаттарына негізделген, ашық әрі жауапты басқару үлгісін орнықтыруға бағытталған стратегиялық құжат болып табылады, – деді Мұрат Тлеумбетов.


Ал Сенат депутаттары ұсынылып отырған өзгерістердің елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды әрі сабақтасты жалғасы екенін ерекше атап өтті. Жаңа нормалар азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысу аясын кеңейтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенім мен ашық диалогты нығайтуға бағытталғаны жан-жақты баяндалды.
Кездесу барысында Ақмая ауылының тұрғындары бірқатар сұрақтарын қойып, коалиция мүшелері көтерілген мәселелерге нақты жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді халықпен бірлесе талқылаудың маңызын айқындай түседі. Ақмая ауылындағы кездесу де ашық диалог алаңына айналып, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен мазмұнды басқосу болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: