Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 14:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді

10.03.2026

29 0

Фото: Қазанғап атындағы музыкалық колледж

Қазанғап атындағы музыкалық колледж ұжымымен жаңа Конституция жобасының мән-маңызын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға жалпыұлттық коалиция өкілдері Ибадулла Құттықожаев, Жұмабек Әлиев, Талғат Телеубаев, Мұса Әбдіқалықов, Еркемай Саниязова және Жанар Бимұратқызы қатысып, колледж қызметкерлерімен мазмұнды пікір алмасты. Кездесудің басты мақсаты – жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және барша азаматтарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақыру болды.

Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді

Жиынды ашқан Ибадулла Құттықожаев Конституция – мемлекеттің іргетасын қалыптастыратын ең маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.


– Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат. Жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыру мәселелері кеңінен қамтылған. Сондықтан әрбір азамат бұл тарихи шешімге бей-жай қарамай, 15 наурыз күні референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс, – деді ол.

Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді

Кездесу барысында Жұмабек Әлиев жаңа Конституция жобасының демократиялық институттарды дамытудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа құжатта билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері қарастырылған.

Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді


Ал Талғат Телеубаев өз сөзінде жаңа Ата заң жобасының ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжатта мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға және басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған нормалар бар.

Кездесу соңында колледж басшысы Мүсілім Әмзе спикерлерге кең көлемді түсіндірме жасағаны үшін алғыс айтып, жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін білдірді.

Жиын соңында коалиция өкілдері колледж қызметкерлерін ел болашағына бей-жай қарамай, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді
Жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: