Бейсенбі, 02 мамыр, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жақсылық еккен алғыс орады

28.08.2023

272 0

          Оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Әрбір үйде мектепке баратын балалар мен ата-аналар арасында мектепке даярлану үшін абыр-сабыр болуда. Бұл ретте Қыркүйек айын дәстүрге айналдырған тергеу мекемесінің ұжымы бір ауыздан қаржылай ақша жинап, жыл сайын республика көлемінде өткізілетін  «мектепке  жол» қайырымдылық акциясына белсене атсалысты.

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің ұжымының атынан үш бірдей көп балалы отбасының балаларын қуанышқа бөледі. Мекеменің кадр тобының аға инспекторы әділет капитаны Мирамбек Тұрымбетов пен Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Нұрзия Қыдырбекқызы бірлесіп, көпбалалы отбасылардың үйіне барған болатын. Ең алдымен отбасының тірегінен айрылған, алты баланың анасының үйіне барып, төртінші сыныпқа аяқ басып жатқан балақайды мектепке қажетті құрал-жабдықтарын беріп, яғни, кітаптар салуға арналған сөмке және барлық мектепке қажетті қыл қалам, сызғыш, пластилин, сурет дәптері т.б заттармен толықтырды.

  • Менің алты балам бар оның үлкені студент үшеуі мектепке барады. Барлығына бірдей мектепке қажетті заттарды алып беруге шамам жетпиді. Ұлым төртінші сыныпқа ауысты, өте қуанышты. Жұмыстарыңыз берекелі сәтті болсын, балаларым үшін қуаныштымын. Сіздерге алғысым шексіз деп сөзін тәмәмдады,- көп балалы ана.

          Келесі кезекте бір аулада бірнеше отбасы үй жалдап тұрып жатқан отбасының біріне барып, екінші сыныпқа өткен кішкентай ғана бүлдіршін аруымызды қуанттық. Мектепке қажетті қыз балаға арналған құралдар мен толық қамтамасыз етіп, бұрымды аруымыздың анасының алғысына бөлендік.

  •  Көп балалы ананың айтуынша үлкен балалары колледжге оқуға тапсырып грант жауабын күтіп отыр, ал қалғандарына мектепке қажетті заттарды біріне алып берсем, енді біріне алып бере алмаймын, бір-бірінен қалғанды қолданып өсіп келе жатыр,-деді бүлдіршіннің анасы.

          Осы орайда алтын құрсақты, тоғыз баланы дүниеге әкелген, ананың үйіне бардық. Балаларын асырау мақсатында үй сылаумен айналысады. Тоғыз баланың тең жартысы мектеп қабырғасында оқитындықтан тек мектептің берген құрал-жабдығын ғана алады.  Ал, қалған қажетті заттарды қара жұмыс жасап жетілдіреді.

  • Сіздер келеміз деп хабарласқаннан қатты қуандым. Себебі менің қызым өте тұйық, мектеп табалдырығын енді аттағалы жатыр. Ең алғаш мектепке баратын болғандықтан сіздер мектепке қажетті құралдарын толықтырып жатсыздар. Тұйық болғандықтан адамдармен сөйлесе қоймады, сіздерді келеді дегенді естіп, қуанғаннан түрлі сұрақтарды қойды. Тек өсе беріңіздер, жұмыстарыңыз алға басып, сәттілікке толы болсын деп сөзін аяқтады,- Айлиннің анасы.

          Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына мекеме басшыларынан бастап әрбір қызметкері белсене қатысып, жақсылық жасап жарысады. Тақырыбымыз айтып тұрғандай «Жақсылық еккен алғыс орады» деген ұстанымды бірлігі жарасқан тергеу мекемесінде жұмыс жасайтын әрбір тұлға, жақсылық деп ұстанады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: