Сейсенбі, 21 қазан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

«Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында семинар-тренинг өтті

21.10.2025

104 0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқушы, студеттері үшін «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында  семинар-тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 

Семинар-тренингтің мақсаты – нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.

1«Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.jpg

Есірткіге тәуелділіктің алдын-алудың басты ерекшелігі – жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.

Семинар-тренинг жастар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, аудиториямен «тең дәрежеде» қарым-қатынас жасалуды қолданылды. 

2«Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.jpg

Кездесу барысында, балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, нашақорлыққа көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ!» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингтерге 10000-нан астам оқушы, студент  қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: