Жұма, 19 сәуiр, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

38 құқық бұзушылық анықталды

30.06.2021

601 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Ақсай ПБ жанындағы №6 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

    Іс-шара барысында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс жасады. Профилактикалық іс-шараның  басты мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру, шағын және орта бизнес иелеріне заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар тарату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау болып табылады.

      Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа   жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.

   Айта кету керек, аумақта 29 800 тұрғын тұрады. Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 153 адамның 36-і мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

   Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 340 иесінің 34-і тексеріліп, қару сақтау ережесі бұзғаны үшін 1 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

   Алкогольге тәуелді азаматтардың жиналуы мүмкін  деген 3 притон тексеріліп,  іс-шара барысында барлығы 38  әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

       Алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі тұлғаларға сатқаны үшін 1 сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) – 4 дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша  (иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын) – 1; ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүру)- 12; ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) – 14 дерек;  ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы бойынша (қару сақтау ережесін бұзу)- 1, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орында масаң күйде жүру)-1, ҚР ӘҚБтК-нің 591-1-бабы бойынша (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану) – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 593-2-бабы бойынша (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) – 3,  ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабымен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 1 дерегі бойынша   құқық бұзушылық анықталды және әкімшілік хаттамалар жасалды.

    Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: