Сәрсенбі, 24 сәуiр, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

15.09.2023

314 0

Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін пікірсайыс турнирі — қоғамның өзекті тақырыптарын көтеріп, жан-жақты ұсыныстар мен шешімдер сараланатын алаң. Осы мақсатта бүгін Орталық Азияның Евразия қоры қаржыландыратын “Сіздің дауысыңыз маңызды” жобасы барысында “Ақ босаға” қоғамдық бірлестігінің “Көп балалы аналар мен жастардың шешім қабылдауға қатысуын қолдау” жобасы аясында жастар арасында дебаттық турнир ұйымдастырылды.

«Бұл палата еліміздегі цифрлық сауаттылықты дамыту үшін үздік жобаны ұсынады» тақырыбында өткен жиында жастар мен көп балалы аналар арасында дебаттық турнир мен дискуссия алаңы құрылып, өзекті тақырыптар төңірегінде жан-жақты талқылау өтті. Пікірсайыс турнирінің тізгіні облыстық «Ақиқат» дебат клубының жетекшісі Орынбасар Айжанға табысталып, жалынды жастардан құралған қос команда сайыс сынына түсті. Сайыста қос фракция өз позициясын қорғап, талқыға салынған тақырыпты ашу мақсатында жүйелі аргументтер мен аксиомаларды ортаға салды.

Үкімет пен оппозиция фракциялары өз ұстанымдарын сәтті қорғап, еліміздегі цифрлық сауаттылықты дамыту бағытынды ұтымды жобаларын ұсынды. Ал жиынға қатысушы көп балалы аналар аталған тақырып төңірегінде сұрақтарын ортаға салып, еркін ой-пікір алмасты. Сайыс соңында жеңімпаз командалар мен қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен, номинациялармен марапатталды. Өз кезегінде қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоба туралы ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға шексіз алғыс білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: