Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

«Жастар-Отанға!» жобасы ел жастары үшін үлкен мүмкіндік

30.10.2020

1811 0

«Жастар жасампаздық бастауы» тақырыбында өңіріміздің белсенді жастары облыстық “Nur Otan” партиясы төрағасының орынбасары Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлымен кездесті. Кездесу олар “Jastar-Otanga!” бағдарламасын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі жол картасынадағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

«Жастар-Отанға!» – еліміздің жастарын қамтитын өте ауқымды жоба. Бұл бағдарлама жастар өмірінің барлық саласын қамтитын 5 бағыттан тұрады. Аталмыш бағыттар бойынша Қызылорда облысының жастарына қатысты мәселер ашық талқыланып, шешу механизімі ұсынылды.» – дейді А.Жарылқасынов.

«Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Әлішер Кардашовтың айтуынша бағдарлама жобасын әзірлеу үшін еліміз болйынша жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Сондай-ақ, Канада, Германия секілді елдердің жастар саясатын қолдау бойынша халықаралық тәжірибелері ескерілген. Ең бастысы Мемлекет басшысының Жолдауда жастарға қатысты айтқан мәселелері толық қамтылып отыр, – дейді ол.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің мұраты – жалынды жастарымыздың сапалы білім алып, саналы түрде әрекет етіп, өз кәсібінің білікті маманы болып еліне елеулі қызмет етуін талап етіп отыр. Аға буынның зор үміті мен атқарған істерін жалғастыру жауапкершілігі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру және әлемдік деңгейде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болуын дамыту жастардың өзіне жүктеледі. Бұл орайда «Жастар-Отанға!» жобасы ел жастары үшін үлкен мүмкіндік, әрі қолдау дер едім деді жиынды қорытындылаған облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов. Кездесуде жастар жан-жақты пікір алмасып, сауалдарына жауап алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: