Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жасына да, ұлтына да қарамаймын»: Анара Батырхан

29.06.2023

1275 0

Танымал блогер Анара Батырхан El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында қандай жігітке тұрмысқа шығуды армандайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің үнді мәдениетіне жақын екенін оның тұрақты оқырманы жақсы біледі. Анара Батырханның әлеуметтік желіде үнді халқының ұлттық киімдерін киіп, ән шырқаған бейнежазбалары жетерлік. Ол үнді мәдениетіне не себепті қызығушылық танытқанын баяндады.

“Оның бәрі Шахрух Ханға деген махаббаттан басталды. Мен оның фильмін көріп, ғашық болып қалдым. Мен үнді халқының мәдениетіне, әндеріне, киімдері мен әшекейлеріне қызыға бастадым. Бірақ қазір оған деген махаббатымды сәл бәсеңдеттім. Өйткені маған тұрмысқа шығу керек”, – дейді Анара Батырхан.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Сіз танымал адамсыз. Егер ол сізге ұсыныс жасаса, тұрмысқа шығар ма едіңіз?” деген сауалына: “Әрине, ойланбастан келісер едім. Ол менің атаммен жасты. Шахрух Ханның жасына да, ұлтына да қарамаймын. Бірақ басқа ер азамат болса жасы мен ұлтын ескеремін”, – дейді актриса күліп.

Анардың өзі тұрмысқа шығу туралы ойналып жүргенін жасырмады. Оның ата-анасы да, өзі де болашақ күйеуінен тек бір нәрсе ғана талап етеді.

“Ата-анамның талабы демей-ақ қояйын, арманы – менің өнеріме балта шаппаса екен дейді. Өнер жолын тастап кетпесең екен, “үйде отырасың, шықпайсың, сахнада жүрмейсің” демесе екен деген арманы бар. Менің де қалауым сол. Және әрине, қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын”, – дейді өнер иесі.

 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: