Сенбі, 18 мамыр, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жезқазған тұрғыны велосипедпен Меккеге барған

26.08.2023

360 0

Жезқазған тұрғыны Мекке қаласына екінші рет велосипедпен барып қайтты. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды. 

Қажылық сапардан қажымаған Талғат Жұмабеков елге тамыз айының басында оралды. Талғат продюссерлік орталықта жұмыс істеген. Тіпті хореограф та болған. Артынша дүниежүзін шарлағысы келген екен. Осылайша мұсылман үшін қасиетті Меккенің топырағын басу басты арманы болыпты. Бірақ өзгелер сияқты айшылық алыс жерге ұшақпен жедел жете салмай, мыңдаған шақырымды велосипедпен еңсеруге бел буған.

«Баяғы кездері Меккеге жиhанкездер жылқы, атпен, тіпті жаяу барған. Сөйтіп біраз қиыншылықтарды көріп, сондай жетістіктерге жетіп отырған. Қазір ондай жағдай жоқ қой. Ұшақпен бәрі барып жүр деп, өзін сынағысы келді ғой. Сонда мен «велосипедпен бар» деп айтқанмын. Жәй әзіл ретінде. Соны ол қағып алды да велосипед сатып алып, сонымен кетті», – дейді Талғаттың досы Еркін Жабағинов.

Жиhанкез велосипедімен бүгінгі күнге дейін 63 мыңнан астам шақырымды еңсерген. Әлемнің 49 елінде болған.

Биыл Талғат қасиетті Меккеге екінші мәрте қажылыққа барып келді. Тек бұл жолы сапарын Алматы қаласынан емес, Каирдан бастады. Елге тамыз айының басында оралған. Енді міне балалық шағы өткен Жезқанғанға да жетті. Ал болашақта белін бекем буып қос дөңгелекті көлігімен Оңтүстік Америкаға аттанбақшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: