Бейсенбі, 02 мамыр, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Алматыда ер адам автобус жолаушыларына пышақпен шабуыл жасаған

31.08.2023

727 0

Telegram-арналардың бірінде ер адам автобуста жолаушыларға пышақпен шабуыл жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алматыда №135 автобуста болған. 

«Жүйкесі жұқарған ер адам №135 автобустың жолаушыларын пышақпен қорқытып, автобустан түскеннен кейін дөңгелегін тескісі келді», – делінген видеода.

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді.

«Бұл деректі Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр. Оның кім екені анықталды, оны ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: