Өткен жылы Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына, тарихи атауының қайтарылғанына 100 жыл толуына орай республикалық және облыстық деңгейдегі маңызды шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Көктем нұры» айтысы, «Жауһар жырдың Асқары» мүшәйрасы, «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» өнер байқауы, «Қызылорда – жастар қаласы» концерті мен ұлттық қолөнер көрмелері қала тұрғындарының зор ықыласына ие болды.
Ал, «Жастар театры» 15 қойылымды көрермен назарына ұсынып, республикалық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. 21 кітапхана кітап оқуды насихаттау, мобильді кітапхана, «KitapTime», «Библиокеруен» секілді жобаларды іске асырды.
Жүзжылдықтың мерейтойы бой көтерген 11 000 орындық жаңа стадионда қорытындыланды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
