Жұма, 11 қазан, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Жуырда әйелдер ипотекасы басталады

28.01.2021

6855 0

Жақын күндері Отбасы банкі әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосады. Бұл туралы бүгін Отбасы банк инстаграм парақшасында хабарлады.

Бағдарлама шарттары бойынша 200 мың теңгеден төмен айлық алатын әйелдер 15% бастапқы жарна салса, 200 мың теңгеден жоғары жалақы алатындар 20% салу керек. Бұл ипотека бойынша жаңа үйден де, қайталама нарықтан да баспана алуға болады.

– Елімізде 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасын өздері асырап отыр. Сондай-ақ әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз “Азия Даму Банкімен” бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырамыз”, – деді Отбасы банкі басшысы Ләззат Ибрагимова

Қаржыландыру көзіне келер болсақ, Азия даму банкі Отбасы банкіне 38 млрд теңге бөледі. Осы қаржының есебінен 4 мыңға жуық әйел жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: