Сенбі, 18 қаңтар, 00:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Зиянды жағдайда жұмыс істеген 13,5 мың адам жәрдемақы алған

17.01.2025

87 0

фото: Нұрболат Нұржаубай

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 13 568 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалған. Аталған төлемді алуға жалпы 14 322 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 205 адам жүгініп, оның ішінде 3 093 адамға тағайындалған.

Ал, төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 11 117 адам өтініш білдіріп, оның 10 475-іне тағайындалған.

«Сондай-ақ, 230 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп жатыр.  34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 490 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды. Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 547 адам, 4 көзден – 1 878 адам), Қостанай (2 көзден – 343 адам, ал 4 көзден – 1 146 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 288 адам, ал 4 көзден – 1 162 адам) облыстарында тіркелген», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік,  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: