Жұма, 19 сәуiр, 22:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

55 жүргізушіге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

06.04.2021

910 0

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні 30 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны  көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра көлік  тізгініне қайта отырған. Әкімшілік хаттама толтыру барысында бұл  азаматтың өткен жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 – бабының 3 – бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Жинақталған іс-құжаттар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, оған 102 095 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, жыл басынан Қызылорда облысы көлемінде көлік құралын басқару құқынан айырылғанына қарамастан көлік құралын қайта басқарған 55 құқық бұзушы анықталды.

          Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612 – бабының 3 – бөлігінде қарастырылған бұл құқық бұзушылық бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) 50 айлық есептік көрсеткіш немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша 55 жүргізушіге сот органдарымен жалпы сомасы 5 млн 104 мың теңге айыппұл салынып, оның 3 млн 369 мың теңгесі өндірілсе, қалған жүргізушілер әкімшілік қамаққа алынған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: