Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда полиция қызметкері әріптесіне оқ атқан

29.04.2021

1155 0

Алматы облысының Райымбек ауданында полиция қызметкері өз әріптесін жаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Кудебаев арнайы мәлімдеме жасады.

«27 сәуірде түнде Райымбек ауданында екі полиция қызметкері арасында қақтығыс болған. Соның салдарынан олардың бірі – учаскелік полиция инспекторы табельдік қарудан атылған оқтан жамбасы жараланып, Нарынқол ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Тексеру үшін мен оқиға орнына бардым», – деді Серік Күдебаев.

Тексеріс барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталған.

Аталған дерек бойынша ӨҚК -мен ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жедел-қызметтік олқылықтар мен жеке құрамды бақылауды әлсіреткені үшін аудандық полиция бөлімінің сыртқы қызметіне жетекшілік ететін бірінші орынбасары қызметінен босатылған. Полиция  арасында болған қақтығыстың салдарынан бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылған. 

«Бірқатар лауазымды адам қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық. Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы өз қатарында заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша түбегейлі шаралар қабылдайтын болады. Әрбір құқықбұзушылыққа ішкі істер органдарынан босатуға дейін түбегейлі баға беріледі. Қызметте жеке қарым-қатынастарды анықтауға жол берілмейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: