Сенбі, 22 маусым, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Ата заңымыз – адам құқығын қорғаудың кепілі

30.08.2023

325 0

Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата заң барлық құжаттың қай­нар көзі, бастауы болып табылады. Бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елмен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екенін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді. Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл – мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоға­ры дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығы­ның айқын дәлелі. Еліміздің Ата заңы – халқымыз­дың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат.

Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конс­титуция. Ата заң барлық құжаттың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елмен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екенін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді. Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл – мемлекетімізде адам мен оның өмі­рі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі. Еліміздің Ата заңы – халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат.

Ата заң – бейбітшілік пен ын­тымаққа, еркіндік пен тең­дікке апаратын даңғыл жол. Тоғыз бөлімнен тұратын Ата заңда елі­міздің азаматтарына толық жағдай жасалған. Екінші бөлімнің 10-бабында «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің аза­маттығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлер­ге аластатуға болмайтындығы» көрсетіл­ген. Олардың өмір сүруіне, білім алуына, қызмет етуіне және зейнеткерлікке шығып демалуына барлық мүмкіндік жасалған.

Ата заңымыздың өзгешелігі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқа­ру тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қор­ғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүл­кіміз бен меншігімізді сақтауға ке­пілдік береді. Сондықтан құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек. Татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Бүгінде олар достық туын жоғары көтере біліп, Қазақстан мемлекетінің экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді.

Конституцияда бекітілген жеке тұл­ғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таң­дағы маңызды мəселенің бірі. Адам құ­қық­тарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

«Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адам­ның іс-əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жəне қорғауға мін­деттеме қабылдайды.

Ата заңымыз егеменді ел тарихы үлесіндегі аз уақытта үлкен сындардан сүрінбей өтіп, құқықтық құндылығын жоғары дәрежеде дәлелдей білді. Конституциялық заңнамаларға сәйкес барлық азамат тең құқылы. Егер олар заң бұзушылық жасаса, жауапкершілікке тартылып, жалпыға бірдей тәртіпте шартты жазасын алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-ба­бында «Ата заңның ең жоғары заң күші бар және республиканың барлық аумағына тікелей қызмет етеді» деп айқын жазылған. Басқа да шығарылып жатқан нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық келісім-шарттар еліміздің ең басты құжатына қайшы келмеуі тиіс. Ал 74-баптың 1-тармағында Қазақстан Конституциясына сәйкес емес деп та­нылған заңдар мен халықаралық келісім-шарттарға қол қойылмайды делінген. Демек, Ата заңымызда адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы ретінде реттеледі.     

Адам құқықтары мен бостандықта­ры тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъек­тісі болып табылады. Адам құқы­ғы саласындағы жалпы танылған халық­аралық нормалар қазір ұлттық заң­дарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішін­дегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қам­тамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар құ­қықтың бұзылуына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіз­дігін, демократиялық құнды­лықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топ­тардың мақсаттары, міндеттері, құқық­тары көрсетіледі.

Ата заңымызды бұлжытпай орын­даудың нәтижесінде Отанымыздың бір­лігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты.

Сот үш биліктің біреуі. Конс­титуцияның 7-бөлігі соттар және сот төрелігіне қатысты, онда «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқық­тарын, бостандықтары мен заңды мүд­делерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды» делінген.

Біздің Конституциямыз мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, оны шашыраңқы күйден, біртұтас, жұмыл­ған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Ең бастысы, Ата заңымыз Қазақстан мемлекеттігінің  нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді.

Мемлекетіміздегі әр адам Ата заңның шеңберінде өмір сүргенде ғана біз өзі­мізге тән ұлттық құқықтық жүйемізді жетілдіретін боламыз. Сондықтан ең басты міндет заңды және жеке тұлға­лардың, қоғамдық құрылымдар мен азаматтардың Ата заңға деген құрметін барынша дәріптеу болып табылады.

Ата заңымыз анықтап берген демок­ратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекетімізде татулық пен бір­лік, бейбітшілік пен тұрақтылық, құт-береке болсын, көк байрағымыз ашық аспан астында желбірей берсін.

М.ТҰРҒАНБАЕВ

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: