Жұма, 27 желтоқсан, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Байқоңырда 9 жасар бала бассейнде көз жұмды

25.12.2022

572 0

22 желтоқсанда Орион қалалық бассейнінде қайғылы оқиға орын алып, тоғыз жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Байқоңыр» кешенінің прокуроры Александр Трифоновтың тапсырмасы бойынша бассейнде болған кезде 9 жасар баланың қаза табу фактісі бойынша тексеру ұйымдастырылды.

«22 желтоқсанда сағат 14.40 шамасында бала Орион бассейнінде болғаны анықталды. Оның бассейнге баруға рұқсат етілген медициналық құжаттары бар. Алайда жүзу кезінде бала кенеттен ауырып қалды, бассейн нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері оған дереу көмек көрсетті. Өкініштісі, жедел жәрдем қызметкерлері баланың мерт болғанын айтты”, – делінген ведомоствосында.

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау мақсатында барлық қажетті зертханалық зерттеулер жүргізе отырып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Медициналық сарапшының алдын-ала қорытындысы бойынша баланың өлімі жалпы аурудың салдарынан болды, бала суға батып кетпеген.

Кешен прокуроры құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру мақсатында оқиға орнына баруды жүзеге асырды, бассейн басшысына тексеру нысанасына қатысты барлық қажетті құжаттарды қысқа мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы факт бойынша Ресей Федерациясы тергеу комитетінің тергеу бөлімі «Байқоңыр» кешенінде қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстық істі тергеуді кешен прокуроры жеке өзі бақылайды.

Бұдан басқа, кешен прокуратурасы осы факт бойынша тексеру ұйымдастырып,  «Орион «бассейні» МБУ лауазымды адамдарының жүзу сабақтарын өткізу кезінде кәмелетке толмағандарды қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) баға беріледі.

Сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жас баланы тиісті медициналық тексеру және оған жүзу сабақтарына жіберуге медициналық анықтама берудің заңдылығы тұрғысынан тексеріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: