Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

БАҚ туралы заңды қандай өзгерістер күтіп тұр?

20.03.2022

1081 0

Президент өз жолдауында «БАҚ туралы» заңды қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, құжатта қазіргі заманда айшықтығын жойған бап көп. Тілшілер де заңның түбегейлі өзгергенін қалайды. Алайда құзырлы министр нақты қандай өзгерістер енетінін топшылауға асықпады. Асқар Омаров қазір журналистер қауымдастығы мен басқа да сарапшылардан ұсыныс қабылданып жатқанын айтты. Бастысы, қоғамдық бақылаудағы БАҚ-тың рөлі айқындалып, қолжетімді ақпаратқа мүмкіндік берілетіні белгілі. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ең алдымен мемлекеттік мүддені қорғауы керек. Бұл ретте сырттан қаржыландырылатын басылымдардың ертеңі қандай болатыны беймәлім. Бірақ ақпарат және қоғамдық даму министрі заңға енетін өзгерістер жағдайды түзеуге негізделіп отырғанын жеткізді. Премьер-министр Әлихан Смайылов та Үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеуін міндеттеді. Өйткені мұндай ашықтық қоғамның Үкіметке деген сенімін қалыптастырады.

«Нұртөре Жүсіп ағамыз ұсынды. Оны әрине, біз талқылаймыз. Себебі ол тек қана ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәселесі емес. Заңнаманы дайындау үшін бекітілген процестері бар. Оны бірінші қоғаммен талқылаймыз, сосын сарапшылармен. Енді қысқа мерзімде дайындауға тырысамыз», – дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: