Бейсенбі, 28 наурыз, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Дау шешімі – бітім

30.07.2022

737 0

Медиация – әлем елдерінің тәжірибесінде қалыптасқан институт, заманауи демократиялық қоғамның бір көрінісі. Бұл бағыт бойынша елімізде 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» заң ата-бабадан өнеге болған дауды шешу дәстүрін қайта жаңғыртып, жаңа серпін берген болатын.

Жалпы облыс көлемінде кәсіби және қоғамдық медиаторлардың саны жыл сайын артып келеді. Бү­гін­де олардың саны мыңға жуықтаған. Ал Қызылорда қаласында орналас­қан «Достық» үйінде 2016 жылдан бастап Медиация кабинеті жұмыс істеуде. Этномедиация бағытында 45 медиатормен әріптестік байланыс орнатылған.

Осындай игі істердің жалғасы ретінде «Сотсыз татуласу орта­лығы» өз қызметін қайта бастады. Аймақ басшысының қолдауымен қайта жандандырылған орталықтың таныстырылымында облыстық қо­ғамдық даму басқармасының бас­шысы М.Қазбекова медиация сала­сының қоғамдық өмірдегі маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында дауларды шешудің баламалы тәсіл­дерін дамытуды, медиация сала­сындағы мемлекеттік саясатты жетіл­діруді тапсырғанын жеткізді.

«Бітім» медиация орталығы» қо­ғамдық бірлестігі үйлестіретін тату­ласу орталығы тұрғындарға даулар мен жанжалдарды бітімгершілік рәсімдері арқылы шешуге мүмкіндік береді. Тараптардың татуласуына, сенімді диалог пен өзара тиімді шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

Орталықтың сотқа дейінгі келі­сім жасау арқылы соттардың жүк­темесін азайтуда, медиациялық көмекке жүгінетін тұрғындардың үлесін арттыруда маңызы зор.

Медиация орталығында тұрақ­ты негізде кәсіби медиаторлар, пси­хо­лог мамандар жұмыс істейді. Олар облыс тұрғындарына құқық­тық, өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындарға психологиялық кеңес береді.

Келіспеушіліктің санатын анық­таудан бастап, медиатор таңдау, татуласу рәсімдерін өткізу мен келісім шарт жасауға дейінгі тиісті қызметтер көрсету арқылы келіспеушіліктердің тез және сапалы шешілуін қамтамасыз етеді.

Мекемелер мен кәсіпорындарда­ғы заңгерлерге оқыту курстары өткізіледі. Бұл соңғы кезде белең алған өндірістік мекемелердегі еңбек дауларын алдын алуға, қызметкердің құқықтық сауаттылығын жетілдіруге жол ашады.

Бұған қоса, қала және аудан ор­талықтарында кәсіби және қо­ғамдық медиаторларға көшпелі се­минарлар ұйымдастырылып, елді мекендерде азаматтардың құқық­тары мен мін­деттері туралы түсін­дірме жұ­мыс­тарын жүргізіп, құ­қықтық кеңестер беріледі.

Атап өту керек, жоба бойынша ұсынылатын барлық қызметтер тұр­ғындарға тегін.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: